RU
Толық нұсқаға өту

Жол апатынан алты адам тірідей өртеніп қаза тапты

24.07.2026, 10:53 58

Татарстанның Зеленодольск ауданында Chevrolet Lanos маркалы автокөлігі жол апатына ұшырап, 6 адам оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды «24KZ» Татарстан прокуратурасына сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 24 шілдеге қараған түні Зеленодольск қаласының Волжская көшесінде орын алған. Өңірлік төтенше жағдайлар қызметі мен құқық қорғау органдарының алдын ала мәліметінше, жеңіл көлікті тізгіндеген жүргізуші жоғары жылдамдықта рөлге ие бола алмай, жол шетіндегі ағашқа соғылған. 

 

Апат салдарынан көлікте болған 6 адамның барлығы – жүргізуші мен 5 жолаушы алған ауыр жарақаттарынан жедел жәрдем жеткенше көз жұмды.

Қаза тапқандардың басым бөлігі – 18 бен 25 жас аралығындағы жергілікті жастар. Сондай-ақ олардың арасында кімелет жасқа толмаған жасөспірімдер болғаны анықталды. Алдын ала болжам бойынша, бес орындық жеңіл көлікке шектен тыс көп адам отырған және жылдамдық шегі шамадан тыс асырылған. Апатқа ұшыраған көліктің қатты майысқаны сонша, марқұмдардың мәйітін шығару үшін ТЖМ құтқарушылары арнайы гидравликалық құралдарды қолдануға мәжбүр болған.

 

Татарстан Республикасының Прокуратурасы аталған факті бойынша процестік тексеру жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта тиісті сот-медициналық және автотехникалық сараптамалар тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша жүргізушінің қанында алкогольдің болу-болмауы және жол-көлік оқиғасының нақты себебі белгілі болады.

Тергеу барысын қалалық бақылаушы ведомство өз бақылауына алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz