АҚШ түнде Иранның Ахваз қаласын шабуылдап, 4 адам қаза тапты. Тағы 5-уі жараланған. Бұл туралы Иранның Tasnim агенттігі хабарлады.
Сонымен қатар Құрама Штаттар Парсы шығанағының жағасындағы Бендер-Аббас қаласы мен Кешм аралын зымыранмен атқылады. Негізі Американың қарулы күштері Ислам Республикасының батысы мен оңтүстігін 13 күннен бері бомбалап жатыр. Кейінгі операция 2 сағатқа созылды. Шабуылдар Иранның басқару орталығы, дрондар тұрағы, байланыс желілері мен жағадан бақылау нысандары сияқты әскери инфрақұрылымына қарсы бағытталған. Бұдан бөлек, Вашингтон 12 сауда кемесін ұстады. Тегаран да қарап қалмай, Парсы шығанағы елдеріндегі америкалық әскери базаларға соққы жасап жатыр. Иран билігі «Ормуз бұғазына бақылау орнату мәселесі шешілмейінше, бізді АҚШ-пен арадағы бейбіт бітім мәселесі қызықтырмайды» деп мәлімдеді. Сондықтан Тегеран Вашингтонның оқ атуды тоқтату ұсынысын қабылдамай тастаған.
Тегтер #АҚШ #Иран #шабуылPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz