Африка құрлығында аптап ыстықтан түйелер қырылып жатыр.
Әсіресе солтүстік өңірлерде ахуал күрделі. Сынап бағанасы 50 градусқа дейін жетеді. Ойсылқара тұқымы әдетте шөлге төзімді. 40 градус ыстыққа дейін шыдай алады. Алайда жергілікті малшылар биыл жаз ерекше ыстық екенін айтады. Күннің ыстығынан түйенің аяғына жара қаптап, аңызақ желден көздері құрғап кетеді, дейді шаруалар. Зерттеулерге қарағанда кейінгі 2 жылда түйенің өлім-жітімі 15 пайызға көбейген. Ал жергілікті халық түйе бағып күнелтеді. Солтүстік Африка мен Сомали түбегінде әлемдегі бір өркешті түйелердің 80% мекендейді.
Тегтер #Африка #ыстық #түйе #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz