RU
Толық нұсқаға өту

Жасанды интеллект адамзаттан асып түседі

24.07.2026, 21:00 46

Енді бес жылда жасанды интеллект күллі адамзат баласының ақыл-ойынан асып түсуі мүмкін.

Мұндай болжамды американдық кәсіпкер Илон Маск "Икономист" басылымына берген сұхбатында айтты. Айтуынша, жақын болашақта роботтар мен жасанды сана жүйелері жұмыстың басым бөлігін атқарады. Ал адам үшін еңбек ету қажеттілік емес, хоббиге айналады. Машиналардың тауар өндіру көлемі айтарлықтай артады, сондықтан экономика үшін негізгі сын-қатер дефляция болуы мүмкін. Американдық "Гартнер" компаниясының дерегіне сәйкес, биыл жасанды интеллектіге жұмсалатын жаһандық шығын шамамен 47%-ға өсіп, 2,5 триллион доллардан асады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz