Францияның оңтүстік-батысындағы орман өрті ырық бермей тұр. Бордо қаласының маңындағы 2 400 гектардан астам аумақ жанып кетті.
Тілсіз жаудан қорғану үшін 20 мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Биыл күллі Еуропаны жайлаған алапат орман өртінен әсіресе, Франция қатты жапа шекті. Өйткені мұндағы аптап ыстық пен қолайсыз күн райы төтенше қызметтердің жұмысын едәуір қиындатып отыр. Қазір қызыл жалынға оранған алқаптарға ұшақтар су шашып жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Франция #орман өртіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz