RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ Оман шығанағындағы кемені атқылады

25.07.2026, 11:00 52

АҚШ әскери күштері Оман шығанағында сауда кемесіне оқ атты. Иран порттарына салынған блокаданы бұзып өтпек болған кеме бірнеше рет жасалған ескертуді елемеген.

Қазір Парсы шығанағында АҚШ пен Иран арасында қақтығыс тоқтамай тұр. Америкалық күштер Ислам республикасының инфрақұрылымына соққыларын жалғастыруда. Ал Ислам революциясы сақшылар корпусы аймақтағы америкалық әскери базаларды атқылап жатыр. Қос тарап бұдан да ауқымды, әрі қуатты соққы жасауға дайын екенін мәлімдеп, бір--біріне сес көрсетіп отыр. Әскери қимылдардан Ормуз бұғазында кемелер қайырлап тұр. Онда 6 мыңға жуық теңізші бар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz