Сауд Арабиясы бастаған әскери одақ Йеменнің Ходейда провинциясындағы хуситтер нысандарына әуеден соққы жасады.
Коалиция мәліметінше, барлық теңіз порттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ өз кемелері мен ел мүддесін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді. Ал Йемен Сыртқы істер министрлігі енді қақтығыс өрши түсетінін айтты. Еске сала кетейік, 20 шілдеде хуситтер Эр-Риядқа қарсы теңіз блокадасын жариялаған еді. Кейін Сауд Арабиясының екі мұнай танкеріне шабуыл жасады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Сауд Арабиясы #ЙеменPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz