Газа секторында кейінгі 2 аптада желшешек жұқтырған 9 мыңнан астам жағдай тіркелді.
Еуроньюстің ((Euronews)) хабарлауынша, ең қиын ахуал Хан-Юнис қаласындағы босқындар лагерінде қалыптасты. Онда халық тығыз қоныстанған. Сондықтан індетке шалдыққандарды бөлек ұстау мүмкін емес. Соның кесірінен вирус тез тарап жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметінше, аптап ыстық, ауыз су тапшылығы мен тазалықтың сақталмауы жағдайды одан сайын ушықтырды. Дәрігерлер басқа да инфекция тарап жатқанын айтады. Кейінгі аптада Газада тері және бактериалды аурулар жұқтырған 18 мыңнан астам жағдай анықталды. Мамандар әсіресе соғыс кезінде туған және тиісті екпелерді алмаған балаларға өте ауыр екенін ескертеді.
Тегтер #Газа секторы #жұқпалы ауру #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz