Әмірлік компаниясы Алматы маңында қалдықтарды қайта өңдеп, ақылды қала технологияларын енгізуді көздейді.
Дубайлық бизнес құрылым осы іске ерекше қызығушылық танытып отыр. Қазақстанмен ұзақ мерзімді келісім жасап, игілігін көрсетуге дайын. Жаңашыл жобаның бірі «Almaty Smart City» алаңында іске асады деген жоспар бар.
Дубайда қалдықтарды сұрыптау мен өңдеу табысты бизнеске айналған. Бұл салада кез келген қажетсіз дүниені қайта кәдеге жаратып, жаңа өнім шығарып жатқандар бар. Бірқатар кәсіпкер жеке қаржы есебінен қоқыс өңдеу зауытын салып, ақылды қала технологияларын енгізген. Осындай сәтті жобаның бірін араб тарапы Қазақстанда жүзеге асыруға дайын.
Махер Әл Кааби, компаниялар тобы басшысының кеңесшісі /БАӘ/:
- Біз екі бағытта жұмыс істеуге дайынбыз. Біріншіден жергілікті серіктестермен бірлесу жолы бар. Немесе мемлекетпен тікелей шарт жасасып, ұзақмерзімді жобаларды іске қосу мүмкіндігін қарастыруға болады. Қазақстанда қалдықтарды басқару, тұрақты даму бағытында көп шаруа атқарғымыз келеді. Алматы маңындағы «Alatau Smart City» жобасы ерекше қызығушылық тудырды. Себебі онда ақылды қала технологияларын енгізіп, жаңа шешімдердің игілігін көрсете аламыз.
Араб компаниясы жергілікті нарықта әртараптандырылған бизнесті басқарады. Телекоммуникация, банк ісі, энергетика және сақтандыру саласында тәжірибесі мол. Қазір қалдықты қайта өңдеуге толықтай бет бұрған.
Навар Абдул Вахед, "Eurasia Gulf" бизнес қауымдастығының бас атқарушы директоры:
- Араб Әмірліктерінде Қазақстан Орталық Азиядағы аса маңызды серіктес саналады. Сіздің елмен қарым-қатынас біздің айрықша назарымызда десем болады. Кейінгі 6 айда сауда-саттық ұлғайғанын көріп отырмыз. Өңірлік қиындықтарға қарамастан, алыс-берісіміз азаймады.
Рауан Мыңбай, тілші:
- Бизнес өкілдері екіжақты ынтымақтастық мұнымен шектеліп қалмайды деген сенімде. Өйткені былтыр елімізге Әмірліктен 1 млрд доллар тікелей инвестиция тартылды. Биыл оның мөлшері еселеп ұлғаюы тиіс. Бірлескен жобалар үкімет деңгейінде қызу талқыланып жатыр.
Рауан Мыңбай
Тегтер #БАӘ #Almaty #Smart City #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz