RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда су тасқынынан 10 адам опат болды

27.07.2026, 11:01 262

Қытайда су тасып 10 адамның өмірін жалмады. Оқиға көрші елдің солтүстік батыс бөлігіндегі Ганьсу аймағында тіркелді. 

Төпелеп жауған нөсердің арты топан суға айналып, шатқал ішін шайып кеткен. Гүрілдеп жүріп өткен қарғын су жүздеген көлікті ағызып, 23 адам жарақат алды. Тағы 250-ге жуық турист тілсіз жаудың құрсауында қалды. Қазір апат болған жерде төтенше жағдай жарияланып, іздестіру, бақылау жұмыстары жүріп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz