RU
Толық нұсқаға өту

Уганда азық-түлік үлестіре бастады

28.07.2026, 07:20 28

Уганда үкіметі халыққа азық-түлік үлестіре бастады. Алдағы 2 айда аштыққа ұшыраған аудандарға 9 жарым мың тонна ас-су жеткізіледі.

Бұл туралы Зе Гардиан басылымы хабарлады. Жоспар бойынша әр отбасы шамамен 30 келі тағам алады. Бұған дейін елдің шығысында аштық салдарынан 19 адам жан тапсырған еді. Бұған сәуір айынан бері жайлаған құрғақшылық себеп. Жауын жаумай, мал қырылып, дақылдар шықпай қалды. Оның үстіне Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы Угандадағы босқындардың 63 пайызына тамақ жеткізуді тоқтатқан. Халықаралық сарапшылар елдегі жағдайды өте ауыр деп бағалап отыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz