RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда 3 мың шақырымға ұша алатын көп функциялы дрон таныстырылды

28.07.2026, 10:30 51

Қытайда алысқа ұша алатын алғашқы көп функциялы дрон таныстырылды. Ол елдің шығысындағы Шаньдун провинциясында сынақтан өткізілген.

Дронның ұшу ұзақтығы - 3 мың шақырым. Қуаты 24 сағатқа жетеді. Ол теңіз патрулі, жағалауды күнделікті бақылау, іздеу-құтқару, метеорологиялық бақылау, апаттардан зардап шеккендерге көмек көрсету, құралдарды шалғайдағы елді мекендер мен таулы аудандарға, аралдарға жеткізу және жаңбырды күшейту сияқты түрлі операцияларды орындай алады. Тапсырмаларға сәйкес, жұмыс режимін тез ауыстыруға қабілетті. Сонымен қатар өрттің алдын алу және аумақтық картаға түсіру ісінде де кеңінен қолдануға болады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz