Румынияда Чернаводэ атом электр станциясындағы екі реактордың бірі жұмысын уақытша тоқтатты. Бұған Дунай өзенінің тартылуы себеп.
Қазір су ағымы секундына 1700 текше метрге дейін азайып, кейінгі 30 жылдағы ең төменгі деңгейге жетті. Енді мұндай шара салқындату жүйесіндегі жүктемені азайту үшін сақтық мақсатында қабылданып отыр. Айта кетейік, Чернаводэ қаласындағы атом электр станциясы - Румыниядағы жалғыз, әрі ең ірі электр энергиясын өндіруші нысан.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Румыния #АЭСPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz