Жапонияның оңтүстігінде 7,1 балдық жер сілкініп, 50 адам зардап шекті. Зілзала Кюсю аралының маңында 10 шақырым тереңдікте тіркелген.
Билік биіктігі 1 метрге жететін цунами қатерін жариялап, кейін алып тастады. Жағаға жақын аудандарғы тұрғындарға биіктеу жерге бару айтылған. Билік табиғи апат салдарын әлі зерттеп жатыр. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 40 мың баспана жарықсыз қалып, тұрғын үйлер, жолдар мен көпірлерге зақым келді. Көлік қатынасы қиындаған. Үкімет жерасты дүмпулері қайталануы мүмкін дейді. Атом электр стансаларына зақым келді деген де мәлімет жоқ.
Тегтер #Жапония #жер сілкінісі #үкімет #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz