Жапонияның Кумамото префектурасында магнитудасы 7,1 балдық жер сілкінісі болды.
Соның салдарынан сауда орталықтарының бірінде жарылыс болып, 13 адам опат болды. Құрбан саны әлі де артуы мүмкін, дейді мамандар. Қазір құтқаушылар қираған нысанның маңында жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұдан бөлек негізгі жолдар мен көпірлер қираған. Сондай-ақ 45 мыңнан астам отбасы жарықсыз отыр. Билік тұрғындарға алдағы күндері кез келген төтенше жағдайға дайын болуды ескертті. Осыдан 10 жыл бұрын дәл осы өңірде зілзала болған. 2 күн қатарынан қайталанған жер сілкінісінен 270 адам қаза тапты. Сарапшылар кейінгі жағдайды осы оқиғамен байланыстырады.
Тегтер #Жапония #Таңдаулы #жер сілкінді #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz