RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Пәкістандағы жауын-шашын салдарынан 109 адам қаза тапты

29.07.2026, 10:38 42

Пәкістанда 26 маусымнан бері жауыннан кейінгі түрлі оқиғаның салдарынан 109 адам қаза тауып, 362 адам жарақат алды, деп хабарлайды «24KZ».

Елдің Табиғи апаттармен күрес жөніндегі ұлттық басқармасының мәліметінше, табиғи апаттың ең ауыр зардабы елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясына тиді. Мұнда муссондық жауын-шашын салдарынан 55 адам көз жұмған. Ал шығыстағы Пенджаб провинциясында 36 адамның қаза тапқаны белгілі болды.

Тасқын су шамамен 800 ғимаратқа зақым келтірген, олардың 200-ден астамы толықтай қирады.

Маусым айының соңынан бері елде 148 құтқару операциясы жүргізіліп, олардың барысында шамамен 4 мың адам құтқарылды.

Пәкістанда муссон маусымы әдетте маусымнан қыркүйекке дейін созылады. Бұл кезеңде мол жауын-шашын түсіп, ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды болғанымен, жиі су тасқыны мен басқа да табиғи апаттарға себеп болады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz