Уганда билігі Эбола безгегінің таралуы тоқтады деп мәлімдеді.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігі індет жұқтырудың жаңа дерегі тіркелмегенін айтады. Сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 42 күндік эпидемиологиялық бақылау кезеңі де аяқталған. Дәрігерлер вирустың барлық берілу жолдарын толық анықтады. Қауіп аумағында болған барлық адамдар міндетті қадағалау мен карантиннен өткен. Жалпы Угандада 20 жұқтыру оқиғасы тіркелді. Олардың 15-і көршілес Конго Демократиялық Республикасынан жұқтырып келген. 2 науқас көз жұмып, қалған 18-і айықты.
Тегтер #Уганда #Эбола #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz