RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Әзербайжанда 16 жастағы бойжеткен туған сіңлісін пышақтап өлтірді

29.07.2026, 12:56 43

Әзербайжанда 16 жастағы бойжеткен 12 жастағы сіңлісін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды «24KZ».

Шамкир ауданында 12 жасар қыздың өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды. 

Baku TV таратқан мәліметке сәйкес, тергеу барысында 16 жастағы Сама Рагимова өзара жанжал кезінде сіңлісі Афсана Новрузованың үш жеріне пышақ сұғып мерт қылғаны анықталды.
Шамкир аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен 16 жастағы С.Рагимова ұсталды.

«Қыз жоғалып кеткеннен кейін бірден іздеуге кірістік. Оны үйдің артынан өлі күйінде тапты. Кейіннен бұл істі өзінің әпкесі жасағаны белгілі болды. Қылмыс туралы полицияға өзі хабарлаған. Араларында келіспеушілік болған-болмағанын нақты білмеймін», - дейді  жергілікті тұрғындардың бірі.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Шамкир аудандық прокуратурасы тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz