RU
Толық нұсқаға өту

Роналду мен Джорджинаның ұзақ күткен тойы қашан өтеді?

29.07.2026, 16:03 58

Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Криштиану Роналду мен оның қалыңдығы Джорджина Родригестің үйлену тойына қатысты түрлі ақпарат қаулап жүр. Дегенмен, жұлдызды жұп бұл қауесеттерге қатысты әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Қазіргі уақытта олар маңызды турнирден кейін отбасымен бірге демалыста жүр, деп хабарлайды «24KZ». 

Футбол жанкүйерлері мен шетелдік басылымдардың жазуынша, тәжірибелі шабуылшы үлкен тойды 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін өткізуді жоспарлаған еді. Тіпті бұған дейін берген сұхбаттарында ол бұл қуанышты сәтті мундиальдағы сәттілікпен ұштастырғысы келетінін жасырмаған.

Алайда Португалия ұлттық құрамасы әлем чемпионатындағы жарысты ерте аяқтап, сәтсіздікке ұшыраған соң, шетелдік БАҚ, атап айтқанда Dan Tri және басқа да басылымдар Роналдудың бұл жоспарын өзгерткенін хабарлады. Дереккөздердің мәліметінше, футболшы басқа командалар жеңісті тойлап жатқан тұста дүркіретіп той жасауды орынсыз деп санап, бұл қуанышты сәтті белгісіз мерзімге кейінге шегеруді ұйғарған. Соған қарамастан, жұптың өзі бұл ақпаратты ресми түрде растаған да, жоққа шығарған да жоқ.

Әлеуметтік желілерде жұптың 1 тамызда Португалияның Синтра қаласында шағын той жасайтыны және оған Киллиан Мбаппе, Хабиб Нурмагомедов, Конор Макгрегор, Рианна, Дрейк және т.б. әлемдік жұлдыздар қатысатыны туралы ақпарат тарады. Алайда бұл мәліметтердің ешқайсысы ресми расталмаған.

Қазіргі уақытта Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес ресми түрде қарым-қатынастарын бекітіп, қолға жүзік таққандары белгілі. Дегенмен, әлем чемпионатының аяқталуына байланысты туындаған үзілістен кейін олар барлық уақытын отбасы мен балаларына арнап, демалыста жүр. Жұлдызды жұптың нақты қашан шаңырақ көтеретіні әзірге құпия күйінде қалып отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz