RU
Толық нұсқаға өту

И. Маск компаниясы айыппұлдарға қарсы

29.07.2026, 17:40 42

Х платформасына иелік ететін Илон Масктің компаниясы Аустралия билігінің әлеуметтік желілерге қатаң шектеу қою шарасын сынға алды.

Рейтердің хабарлауынша, корпорация өкілдері Аустралия сенатына тиісті мәлімдеме жіберген. Х басшылығы жаңа шаралар халықаралық құқыққа қайшы және елдің цифрлық экономикасына қауіп төндіреді деп есептейді. Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Аустралия билігі 16 жасқа толмаған балаларға ешқандай шектеу енгізбей жұмыс істеп жатқан технологиялық компанияларға айыппұл көлемін 2 есе арттырған. Қазір олардың жалпы сомасы 70 миллион долларға дейін жеткен. Зерттеу нәтижесі кәмелет жасына толмаған жеткіншектердің тексеру тетігін айналып өтіп, әлеуметтік желілерді белсенді қолданатынын анықтаған. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz