RU
Толық нұсқаға өту

Израиль Газадағы мешітті бомбалады

29.07.2026, 19:40 52

Израиль Газа секторын бомбалап, 2 адам опат болды. Тағы 30-дан астам палестиналық жараланған.

"Әл-Жазира" телеарнасының хабарлауынша, Газа қаласындағы Әл-Муттақин мешіті нысанаға алынды. Сонымен қатар жүздеген босқын паналап отырған шатырлар мен НусейрАт лагері шабуылға ұшараған. Израиль әскері олар анклавтың орталық және солтүстік бөлігіндегі ХАМАС инфрақұрылымын көздеп атқанын айтады. Олардың мәлімдеуінше, мешітте жасырын қойма болған. Тель-Авив шабуыл кезінде Хан-Юнисте ХАМАС-тың бір сардары оққа ұшқанын хабарлады. Айта кетейік, былтыр қазанда АҚШ-тың араағайындығымен бейбіт бітім жасалса да, Израиль әскері Газа секторын үздіксіз атқылап жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz