RU
Толық нұсқаға өту

АҚШ сенаты Ресейге қарсы санкцияларды мақұлдады

29.07.2026, 19:50 47

АҚШ Сенаты Ресейге қарсы қатаң санкциялар қабылдау туралы заң жобасын әрі қарай қарастыруды процедуралық дауыс беруде мақұлдады.

Жоғарғы палатаның 86 мүшесі қолдап, 12-сі қарсы дауыс берген. Бұл құжат Вашингтонға Ресей тауарларына 500 пайыздық мөлшерде санциялар енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар Ақ үй Ресей мұнайын, газы мен уранын сатып алып, Кремльге санцияларды айналып өтуге көмектесіп отырған елдерге 100 пайыздық импорттық салық салу құқығын иеленбек. Заң жобасында Иран да қамтылған. Онда Тегеранға қарсы қатаң санкцияларды 2031 жылға дейін ұзарту талабы айтылған. Енді аталған құжатты қыркүйекте Конгрестің төменгі палатасы дауысқа салады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz