Каспий құбыр консорциумы (КҚК) терминалында тұрған тағы екі мұнай танкеріне дронмен шабуыл жасалды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл ақпаратты консорциумның баспасөз қызметі ресми түрде растады.
Компания мәліметінше, оқиға салдарынан КҚК қызметкерлері мен мердігер ұйымдардың жұмысшылары зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ адам шығыны тіркелмеген және мұнайдың төгілуіне жол берілмеген.
Оқиғадан кейін терминалдағы мұнай тиеу жұмыстары уақытша тоқтатылды. Ал құбыр жүйесінің қалған нысандары штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Каспий құбыр консорциумы #танкерге шабуыл #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz