RU
Толық нұсқаға өту

Қамшыбек Ташиев мемлекеттік төңкеріс әрекеті туралы істің үкіміне шағымданды

30.07.2026, 15:57 51

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Ташиев «75-тің хаты» немесе мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет жасады деп аталған іс бойынша шығарылған үкімге шағым түсірді, деп хабарлайды «24KZ» 24kg сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы саясаткердің адвокаты Икрамидин Айткулов мәлімдеді. Қорғаушының айтуынша, апелляциялық шағым Бішкек қалалық сотына жолданды. Оны қарау процесі шамамен екі айға созылуы мүмкін.

Бұған дейін Бішкек соты Қамшыбек Ташиевті аталмыш іс бойынша кінәлі деп таныған болатын. Сот шешімімен оған мүлкін тәркілей отырып, төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Дегенмен, сот үш жылдық пробациялық бақылау белгілеп, оны жазаны нақты өтеуден босатты.

Бұл іс елдегі бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер, депутаттар мен қоғам қайраткерлері тобының президент Садыр Жапаровқа елде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді сұрап жолдаған үндеуімен байланысты.

Аталған іс бойынша Ташиевпен қатар бұрынғы бас прокурор Құрманқұл Зулушев, Жоғарғы Кеңестің экс-спикері Нұрланбек Тұрғынбек ұлы және бұл хатқа қол қойған тағы бес адам сотталған еді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz