Армения премьер-министрі Никол Пашинян Үкіметтің 2 тамыз күні отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ» Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
2 тамызда Арменияның 9-шы шақырылымдағы парламентінің құрылуына байланысты және Конституция талаптарына сәйкес, біз отставкаға кететінімізді жариялаймыз. Осыдан кейін Армения президенті Парламенттік көпшілік ұсынған кандидатты премьер-министр қызметіне тағайындайды. Сондықтан бүгін осы құрамдағы соңғы отырысымызды өткізіп отырмыз, – деді Никол Пашинян Үкімет отырысында.
Еске сала кетейік, 14 маусымда жарияланған парламенттік сайлаудың түпкілікті нәтижесіне сәйкес, Никол Пашинянның «Азаматтық келісім» партиясы 49,7 пайыздан астам дауыс жинаған.
Бұл көрсеткіш партияға жаңа Үкіметті өз бетінше жасақтауға мүмкіндік береді.
Сайлау қорытындысы бойынша, «Ташир» компаниялар тобының басшысы Самвел Карапетян жетекшілік ететін «Күшті Армения» партиясы 23,3 пайызға жуық дауыс алған. Ал Арменияның бұрынғы президенті Роберт Кочарян басқаратын «Армения» блогы 9,9 пайыздан астам дауыс жинаған.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz