Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясында лаңкестер жасаған шабуыл салдарынан 9 полиция қызметкері қаза тауып, тағы 28-і жарақат алды, деп хабарлайды «24KZ» жергілікті билікке сілтеме жасап.
Өңірлік полицияның бас инспекторы Зульфикар Хамидтің айтуынша, елде тыйым салынған «Фитна әл-Хаваридж» қарулы тобының (бұрын «Техрик-и-Талибан Пәкістан» немесе «Пәкістан Талибан қозғалысы» деген атаумен белгілі болған) содырлары Хангу округіндегі полиция бекетіне шабуыл жасаған. Оның мәліметінше, полицияның қарымта әрекеті барысында 15 лаңкес жойылған.
2025 жылы Ауғанстанмен шектесетін Хайбер-Пахтунхва мен Белуджистан провинцияларында Пәкістандағы барлық лаңкестік шабуылдардың шамамен 90%-ы тіркелген. Бұл өңірлерде түрлі қарулы топтар пуштундар мен белудждер сияқты этникалық азшылықтардың құқықтарын қорғау сылтауымен Пәкістанның қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарына шабуыл жасап келеді.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Пәкістан #лаңкестік шабуыл #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz