Конго Демократиялық Республикасында Эболадан көз жұмғандар саны 1500-ден асты.
Ал вирус жұқтырғандар саны бұдан екі есе көп. Қазір ауру ошағы тіркелген бес провинцияда дәрігерлер вирустың таралуын тоқтатуға күш салып жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды әлі де жоғары қауіп деңгейінде бағалайды. Ұлыбританияда қазіргі Эбола вирусына қарсы әзірленген жаңа вакцинаның алғашқы сынағы басталды. Экспериментке қатысқан еріктілерге екпе салынып, мамандар оның қауіпсіздігі мен ағзада иммунитет қалыптастыру қабілетін тексеріп жатыр.
Тегтер #Конго #Эбола #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz