RU
Толық нұсқаға өту

Германияда ыстықтан 10 мың адам көз жұмды

30.07.2026, 19:33 40

Германияда жыл басынан бері аптап ыстықтан 10 мыңға жуық адам қайтыс болды.

Бұл кейінгі он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, көз жұмғандардың көбі маусым айының соңындағы аптап кезінде тіркелген. Сол кезде елдің көптеген өңірінде ауа температурасы 40 градусқа дейін жетті. Ең көп зардап шеккендер 75 жастан асқан адамдар. Мамандар мұны аптап ыстық пен созылмалы аурулардың қатар әсер етуімен байланыстырады. Алдағы күндері Германияда күн тағы ысиды деген болжам бар. Сондықтан елде ауруханалар, қарттар үйлері мен балабақшаларды салқындату жүйесін күшейту мәселесі қаралып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz