RU
Толық нұсқаға өту

Крит аралында орман өртінен үш адам қаза тапты

30.07.2026, 23:00 43

Грекияның Крит аралында ормандағы өртке байланысты 8 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Желдің екпіні сағатына 125 шақырымға жеткен. Табиғи апаттан 3 өрт сөндіруші қаза тапты. Бұдан бөлек бірнеше үй мен ауыл шаруашылығы алқабы жанып кетті. Сонымен қатар тілсіз жау Испанияны жалмап, Самора қаласында 600-ге жуық адам көшірілген. Елдің оңтүстігінде денесін күйік шалған әйел ауруханада көз жұмды. Испанияның Авила провинциясында 43 мыңнан астам гектар күлге айналған. Бұл ел тарихындағы ең алапат өрт ретінде тіркелді. Ғалымдар Еуропадағы аптап ыстықтың басқа құрлықтарға қарағанда екі есе күшті екенін айтады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz