Иран Кувейттегі АҚШ-тың Али Аль-Салем әскери әуе базасын атқылады. Associated Press агенттігігінің хабарлауынша, шабуылды Ислам Революциясы сақшылар корпусы жасағанын өздері мәлімдеген.
Шабуыл кезінде екі ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған ангар мен әскери ұшақтар және тікұшақтарға арналған жанармай қоймасы жойылған. Осыған дейін АҚШ дәл осы базадан, Иранның Кешм аралына соққы берген еді. Ол кезде 2 үй шабуылға ұшырап, бір бала қаза тапқан. Бұған қатысты АҚШ пен Кувейт әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Иран #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz