Израиль әскері Ливанның оңтүстігіне шабуылдарын жалғастырып жатыр. Ливанның мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бірнеше елді мекенге артиллериялық соққы жасалған.
Мансуриде үйлер өртеніп, бірнеше баспана қирады. Сонымен қатар дрондардың Бейрут маңында ұшып жүргені белгілі болды. Ал Израиль Қарулы күштері аймақта қауіпсіздік орнағанша Ливанның оңтүстігінде бақылауға алынған аумақтардан әскерін шығармайтынын мәлімдеді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша қақтығыс басталғалы бері 4 300-ден аса адам қаза тауып, 12 мыңы жараланған.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Израиль #ЛиванPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz