RU
Толық нұсқаға өту

Д. Трамп: ХАМАС қарусызданады

31.07.2026, 08:20 24

АҚШ бастаған Бейбітшілік кеңесі мен ХАМАС және Газадағы өзге де қарулы топтар толық қарусыздану жөнінде келісімге келді. Мұны Дональд Трамп мәлімдеді.

Ол жайлы Ақ үй басшысы әлеуметтік желіде жазған. Оның айтуынша, бұл – Газадағы соғысты тоқтатуға бағытталған 20 тармақтан тұратын жоспарды жүзеге асырудағы маңызды қадам. Қарусыздану кезең-кезеңімен жүргізіліп, соған сәйкес Израиль әскері Газадан шығарылады. Қауіпсіздікті халықаралық тұрақтандыру күштері мен Палестинаның жаңа полициясы қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Трамп арағайын болған Мысыр, Қатар және Түркияға алғыс айтты. ХАМАС ұйымының басшылығы да мәмілге келгенін растады. Алайда бұған дейінгі бітімге қарамастан, Израильдің Газаға соққылары жалғасып, кешегі шабуылдан кемінде алты палестиналық, оның ішінде екі бала қаза тапты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz