Қазір Таяу Шығыста АҚШ-тың 40 мыңға жуық жауынгері шоғырланған. Бұл Американың жырақтағы әскери күшінің үштен бірі. Негізгі контингент Кувейт, Қатар және Бахрейнде орналасқан.
Кувейт АҚШ-тың маңызды логистикалық және стратегиялық нүктесі. Бұл елде 2 әуе базасы бар. Ең негізгісі Али Әл-Сәлем. Сондай-ақ 4 әскери лагерь мен Арифджан жаттығу орталығы. Бұл араб елінде 13 жарым мыңға жуық АҚШ әскериі қызмет етеді. Ал Қатардағы АҚШ-тың басты бекеті ретінде Эль-Удейд әуе базасы саналады. Бұл орталық Ауғанстандағы америкалық операцияларда шешуші рөл атқарды және 2021 жылы сол елден әскерлерді шығаруды үйлестірді. АҚШ пен Қатар арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық 1990 жылдары басталған. 2 жыл бұрын келісім тағы 10 жылға ұзартылды. Американың ең ірі әскери-теңіз базасы да Таяу Шығыста орналасқан. Бұл - оның Әскери-теңіз күштерінің бесінші флоты. Ол Бахрейнде. Корольдік аумағында 9 мыңға жуық әскери қызмет етеді.
Кувейт
13 500 АҚШ әскері
- Али Аль-Салем әуе базасы
- Арифджан әскери оқу лагері
Дереккөз: Council on Foreign Relations
Қатар
-10 000 жуық АҚШ әскері
- Эль-Удейд әуе базасы
Дереккөз: Council on Foreign Relations
Бахрейн
-9 000 АҚШ әскері
- АҚШ әскери-теңіз күштерінің бесінші флоты
Дереккөз: Council on Foreign Relations
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Таяу Шығыс #АҚШPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz