Осыған байланысты елде салық пен айыппұл өндіру тәртібі өзгеріп, несие іспетті бөліп төлеу жүйесі енгізілді. Ресми мәліметтерге қарағанда, жаңа әдіс жергілікті бюджетті уақытылы кіріспен қамтамасыз етуге септеседі.
Басты ерекшелігі, кәсіпкер салықтық міндеттемені технологиялық компания есебінен өтей алады. Кейін сол мекемеге берешек соманы 1 жыл ішінде қайтарып береді. АҚШ-Израильдің Иранға қарсы қақтығысы кезінде әмірліктерде көптеген бизнес тұралап қалды. Бір ғана туризм саласы миллиондаған доллар табыстан қағылды. Қазір ахуал біршама қалыпты. Алайда анау айтарлық саяхатшылар ағыны жоқ. Билік жағдайды жақсартуға күш салып жатыр.
Яс Сейдан, бизнес сарапшы:
- Бұл жеңілдік кәсіпкерлердің шығынын азайтып, қаржы айналымын сақтап қалуға жол ашуы мүмкін. Мемлекеттің қолдауы экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне ықпал етеді деген ойдамын. Бір айта кетерлігі, аймақтық шиеленіске араб әмірліктерінің еш қатысы жоқ. Соған қарамастан көп зиян шекті. Енді нарықты қалпына келтіріп жатыр. Кәсіпкерлер күзге қарай аталған жеңілдіктердің әсерін сезіне бастайды.
Тегтер #БАӘ #қаржылық міндеттеме #айыппұл #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz