Перуде туристер мінген жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты.
Бортта Италия, Германия және Испания азаматтары болған. Экипаж мүшелері Перу азаматтары. Ұшақ әлемге әйгілі Наска геоглифтерін әуеден тамашалауға арналған экскурсиялық шолу жасауға бағыт алған. Апатқа дейін ұшқыш дабыл белгісін жіберген. Алайда бірнеше минут өткен соң ұшақпен байланыс үзілген. Қазір апатқа не себеп болғаны тергеліп жатыр.
Тегтер #Перу #геоглиф #ұшақ апаты #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz