Мәскеу қаласының орталығындағы мейрамханада жарылыс болды.
Салдарынан үш адам қаза тауып, 21 кісі жарақат алды. Оқиға «Баррикадная» метро станциясының маңындағы мейрамхананың кіреберісінде болған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, белгісіз әйел ғимараттағы қонақтарға сыйлық алып келгенін айтып, ішке кіруге талпынған. Бірақ күзетші қорапты тексеру үшін ашқанда жарылыс болған. Қазір оқиға орнында тергеу жүріп жатыр.
Тегтер #Мәскеу #жарылыс #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz