АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы жоспарланған ауқымды соққыны кейінге қалдырғанын мәлімдеді.
Шешім бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігіне байланысты қабылданған. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Ақ үй басшысының айтуынша, келісім-шарт Ормуз бұғазын ашу мен Иранның ядролық бағдарламасына қатысты мәселелерді қамтиды. Құжат бірнеше елмен талқыланып, келісілген. Олардың қатарында Израиль, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар және Түркия бар.
Тегтер #АҚШ Иран #Трамп #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz