RU
Толық нұсқаға өту

Грекияда 12 мың га орман отқа оранды

03.08.2026, 09:05 28

Грекияда 12 мың гектар орман алқабы отқа оранды. Өрт ырыққа көнер емес. Алас-күлесте үш өрт сөндіруші опат болды. Аймақтағы тұрғындар теңіз арқылы қауіпсіз жерге көшірілген.

 Әсіресе Афинадан 70 шақырым жердегі Порто-Гермено курорты көп зиян шеккен. Крит, Парос және Кефалония аралдарында да өрт ие бермей барады. Мамандардың айтуынша, желдің күшеюі отты үдете түскен. Бұл авиацияның да жұмысын қиындатты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz