Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың «Urumqi Airlines» әуе компаниясының вице-президенті Чжан Лян мырзамен кездесуі барысында айтылды, деп хабарлайды 24kz.
Кездесу барысында Қытай тарапы Үрімші – Қарағанды, Құлжа (Инин) – Астана және Құлжа (Инин) – Алматы бағыттары бойынша жаңа тұрақты рейстер ашу жоспарларын жариялады.
Қазақстан тарапы Өскемен және Семей қалаларына рейстер ашу мүмкіндігін қарастыруды, ал болашақта Зайсан және Катонқарағай жаңа өңірлік әуежайларына рейстер ұйымдастыруды ұсынды. Бұл туризмнің дамуына, көлік қолжетімділігінің артуына және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың нығаюына ықпал етеді.
«Urumqi Airlines» әуе компаниясы Қытайда өндірілген COMAC C909 әуе кемелерін пайдаланады. Осыған байланысты тараптар Қазақстанда COMAC әуе кемелерін пайдалана отырып, өңірлік тасымалдарды жүзеге асыратын бірлескен өңірлік әуе компаниясын құру жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру мүмкіндігін талқылады. Оның ішінде Зайсан, Катонқарағай және туристік әлеуеті бар басқа да қалаларға рейстер орындау мәселесі қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытатынын растады.
Анықтама:
Urumqi Airlines – 2014 жылы құрылған, Қытайдың Үрімші қаласында орналасқан қытайлық әуе компаниясы. Ол HNA Aviation тобының құрамына кіреді.
Әуе компаниясының паркінде 20 әуе кемесі бар (Boeing 737-800, COMAC C909). Сондай-ақ компания тағы 40 дана COMAC C909 ұшағын жеткізуге тапсырыс берген.
Маршруттық желісі Қытайдың, негізінен елдің батыс және орталық өңірлеріндегі 46 ішкі бағытты қамтиды.
Тегтер #Қытай #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz