Бүгін АҚШ пен Иран келіссөзінің жаңа кезеңі өтеді. Бұл туралы президент Дональд Трамп мәлімдеді. Тараптар Ормуз бұғазындағы кеме қатынасының қауіпсіздігін және Иранның ядролық бағдарламасын талқыламақшы. Бірақ Ақ үй басшысы кездесуге қатысушылардың құрамы мен қай жерде өтетінін әлі нақтыламады.
Тек мәселенің дипломатиялық жолмен шешілетініне үміт білдірді. Ал тараптар тіл табыса алмаған жағдайда әскерінің әзір екенін ашық мәлімдеді.
Тегтер #АҚШ #Иран #КеліссөзPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz