Сауд Арабиясының Медина қаласынан Алматыға бағыт алған SCAT әуе компаниясының ұшағы жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлауына байланысты Омандағы қосалқы әуежайға шұғыл қонды, деп хабарлайды 24kz.
Оқиғаны әуе компаниясының баспасөз қызметі растады.
«Бортта жолаушыға қажетті алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда әрі қарай медициналық сүйемелдеу қажет болғандықтан, әуе кемесінің командирі Омандағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Қонғаннан кейін жолаушы медициналық қызмет мамандарына тапсырылды», делінген хабарламада.
Ұшақ Оманның астанасы Маскат қаласына қонған. Жолаушы дәрігерлердің қарауына беріліп, әрі қарай ем алу үшін сол елде қалған. Оның денсаулық жағдайы туралы қосымша ақпарат жарияланған жоқ.
Жолаушыға қажетті көмек көрсетілгеннен кейін әуе кемесі қалған жолаушылармен бірге рейсін жалғастырып, Алматы әуежайына аман-есен жетті.
Тегтер #Медина #Оман #Алматы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz