Иран Оманмен Ормуз бұғазы бойынша келісімге келуі мүмкін.
Бұл туралы Ислам Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Багаи мәлімдеді.
Екі жақ стратегиялық су жолы арқылы жүк тасымалын қалпына келтіруді талқылап жатыр. Ведомство өкілі "бұл келіссөзге аймақтағы өзге елдер де қосыла алатынын атап өтті. Багаидің сөзіне қарағанда, қазір Тегеран Вашингтонмен ешқандай диалог жүргізіп жатқан жоқ" десе, Президент Трамп "бүгін АҚШ пен Иран жаңа келіссөз бастайды" деп мәлімдеген еді. Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнайдың бестен бір бөлігі өтеді. Сондықтан стратегиялық су жолына қатысты кез келген шешім жаһандық энергетикалық нарыққа әсер етеді.
Тегтер #Иранмен соғыс #Оман #Таяу Шығыс #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz