RU
Толық нұсқаға өту

Қытайда тайфун қаупі күшейді

03.08.2026, 21:42 37

Қытайдың солтүстік-батысында тасқыннан опат болғандар саны 25-ке жетті.

Топан су Ганьсу провинциясын өткен аптада шайып кеткен еді. Қазір апат салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Табиғи апат Қытайдың өзге өңірлерін де әбігерге салды. Сычуань провинциясында 64 мыңнан аса адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жауын-шашын маусымы басталғалы Қытайда 882 мыңға жуық тұрғын баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Синоптиктер апта ортасында елдің оңтүстік-шығысына "Долфин" дауылы соғып,  тағы су тасқыны жүруі мүмкін деп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz