RU
Толық нұсқаға өту

Иран мен Оман келіссөз жүргізіп жатыр

04.08.2026, 08:30 33

Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы кеме өткізу бойынша екіжақты келіссөз жүргізіп жатыр.

Бұл туралы парсы елі Сыртқы істер министрлігінің өкілі Исмаил Багаи брифингте мәлімдеді. Ол Ормуздағы су жолының жабық тұруы АҚШ пен Израильдің әскери басқыншылығының салдары дейді.

Исмаил Багаи, Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі:

– АҚШ зымиян әрекеттерін, әскери-теңіз тосқауылын және Иранның мүдделеріне қарсы әскери басқыншылығын біржола тоқтатпайынша, Ормуз бұғазындағы жағдай айтарлықтай өзгермейді. Оманмен жүргізіліп жатқан келіссөздердің басты мақсаты – бұғаз арқылы өтетін кеме қатынасының қауіпсіздігі бойынша келісімге келу. Иран мен АҚШ арасындағы тиісті мәселелер кейін талқылануы керек.

 

ОРМУЗ БҰҒАЗЫНДА ШЕКТЕУ КӨБЕЙДІ

Ормуз бұғазы маңында кемелер саны кейінгі үш күнде күрт азайды. «Kpler» халықаралық мониторинг ұйымының мәліметінше, бұғаздан жұма күні 23, сенбіде 11, ал кеше небәрі 9 кеме өткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz