RU
Толық нұсқаға өту

Испания Сеутадағы мигранттарды қайтарды

04.08.2026, 09:04 29

Тұрақты жұмыс, жайлы баспанаң болмаса жан бағу қиын. Әлемде дәл осы себеппен елінен кетіп, жақсы өмірге ұмтылғандардың қарасы көп. Осы үмітпен Мароккодан Сеутаға ағылған 60 мың мигранттың тағдыры қазір қыл үстінде. 72-сі жан тапсырды. Қалғаны діттеген жеріне жете алмай, кері қайтты.

Бұл мәселемен Еуропа жыл сайын бетпе-бет еліп отыр. Қазір ЕуроОдақтағы бірқатар ел Испаниямен шенген мәселесін қайта қарамақ ниетте. 

Сеута – Африкадан Еуропаға апаратын қақпа. Марокко бұл жерді тарихи тұрғыдан өз территориясына жатқызады. Ал Испания мен Еуропалық Одақ Испанияның жері ретінде қарап, тұтас Еуропаның сыртқы шекарасы деп біледі. Сондықтан Сеута Африка құрлығында орналасқанымен, саяси тұрғыдан Еуропаның меншігінде. Дәл осы жайт қазіргі заңсыз босқындар легінің артуына сеп болып отыр.

Құмырсқадай құжынаған жұрт. Қайда барып жан бағады,, ол жағы өздері не беймәлім. Басты мақсат шекарадан өту. "Кері қайтқанша, осы жерде жан тапсырғаным артық", дейді, 42 жастағы Муджахид Ахмед. Суданнан келген ол Еуропа асу үшін, Ливия, Алжир, Марокконы кезіп келгенін айтады.

Муджахид Ахмед, судан азаматы:

- Шекарадан өту үшін Мароккода бір жарым жыл болдым. Бірақ бір-ақ рет өтуге әрекет жасадым. Ал достарым шамамен 30 немесе 40 рет талпынып көрді. Иә, оның бәрі көп уақытты алады. Әрі қып-қызыл шығын. 100-150 еуродай кетеді. Мароккода мұндай ақшаны табу өте қиын. Сондықтан бұл ойдан бас тартқан едім. Алайда тұрмысты да оңалту керк. Сол жағын ойладым.

Алайда Еуропа заңсыз мигранттарды қабылдауға ниетті емес. Франция шекаралық бақылауды күшейтті. Италия, Финляндия және Дания босқындар ағынын тоқтату мақсатында Испанияны Шенген аймағынан уақытша шығаруды немесе ол елмен келісімді тоқтата тұруды ұсынды. 

Сеутадағы мигранттар арасында балалар көп 

Заңсыз өткендердің 69 мыңнан астамы кейін өз еркімен және Испания билігінің шараларынан кейін Мароккоға қайтарылды. Соған қарамастан қазір Сеутада әлі де 3-5 мың мигрант қалып отыр. Олардың арасында 862 бала бар. Олардың дені ата-анасынан ажырап қалған, кәмелет жасына толмағандар.

Испания заңына сәйкес мұндай балаларды бірден депортациялауға болмайды. Сондықтан, олар уақытша лагерльлерге орналыстырылып жатыр. Гуманитарлық ұйымдар оларға ас, су беріп, жағдайларын бақылап отыр.

Амаду Барайя, камерун азаматы:

- Біз мұндай жайдан жай келе салмадық. Түрлі ел арқылы, түрлі шекараны кесіп өтіп келдік. Сондықтан Мароккоға қайта оралғымыз келмейді. Еурпоаға барып, жұмыс тапқымымыз келеді.

Жағдайдың ушығуына байланысты Еуропалық Одақ шұғыл кеңес өткізуге дайындалып жатыр. Брюссель сыртқы шекараны күшейтіп, Мароккомен ынтымақтастықты арттыру қажет екенін мәлімдеді. Сонымен бірге адам құқықтарын қорғаушы ұйымдар қауіпсіздік шаралары күшейген сайын босқындардың өміріне төнетін қатер де артып отырғанын айтып дабыл қақты. Алайда Еуропалық Одақтың өз ішінде миграциялық саясатқа қатысты ортақ ұстаным әлі қалыптаспаған. Кейбір мемлекеттер шекараны толық жабуды қолдаса, өзгелері босқындарды қабылдау жауапкершілігін барлық елге тең бөлуді талап етеді.

Корей жастары Жапонияға ағылып жатыр

Африка мен Еуропа арасындағы экономикалық алшақтық мыңдаған адамды заңсыз жолмен көшуге итермеледі. Ал әлемде экономикасы қуатты, дамыған елде тұра өз елінен жайлы жұмыс таппай сенделіп жүргендер көп. Оңтүстік Корея жастары Жапонияға жаппай ағылып жатыр.

Маусым айында бұл елдегі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7%-ды құрады. Кореяның Адами ресурстарды дамыту қызметінің мәліметі бойынша, былтыр мемлекеттік бағдарламалар арқылы 2 мыңан астам жас корей Жапонияға жұмысқа орналасқан. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 47%-ға көп. Жапонияда жұмыс күші тапшы болғандықтан, шетелдік мамандарға сұраныс жоғары. Ал Оңтүстік Кореяда жастар үшін бастапқы деңгейдегі сұранысқа ие жұмыс орындары тапшы. Мәселен, Samsung сияқты ірі компаниялар тәжірибелі мамандарды ғана жұмысқа тартады. Корея еңбек институтының деректеріне сәйкес Жапонияда жұмыс визасымен жүрген шетелдіктердің басым бөлігі бөлшек сауда, ақпараттық технологиялар және ойын әзірлеу сияқты салаларда кәсіби қызметтер атқарады.

Оңтүстік Кореяның статистика агенттігінің мәліметі бойынша былтыр корей ерлері мен жапон әйелдері арасындағы неке саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 26%-ға өсіп, 2020 жылғы көрсеткіштен екі есе артқан. Ал корей әйелдері мен жапон ерлері арасындағы некелер 29%-ға көбейген.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz