АҚШ-тың Мичиган штатында циклоспороздың өршуіне байланысты алғашқы екі өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды 24KZ CNN ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Медициналық жазбаларға сәйкес, қайтыс болған екі адамның да ауыр қатар жүретін аурулары болған, олар циклоспороз және сусыздану салдарынан асқынуы мүмкін. Осы екі жағдай бойынша қосымша ақпарат берілмейді», – делінген Мичиган штатының Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаментінің хабарламасында.
Сонымен қатар департамент циклоспороздан болатын өлім жағдайларының өте сирек кездесетінін атап өтті.
Қазіргі уақытта штатта барлығы 11 234 ауру жағдайы тіркелген, оның ішінде 193 адам ауруханаға жатқызылған. Мичиганда циклоспороздың өршуі шамамен әрбір 1000 адамның біріне әсер еткені айтылды.
АҚШ-та Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) деректері бойынша, циклоспороздың 18 000-нан астам жағдайы тіркелген.
Циклоспороздың ірі өршуі АҚШ-та маусым айының соңында басталды.
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау басқармасы (FDA) Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарымен (CDC) бірлесіп тергеуді жалғастырып жатыр. Денсаулық сақтау органдарының өкілдері циклоспороздың ықтимал жұғу көзі ретінде салат жапырақтары мен көкті атады.
Taylor Farms компаниясы жеткізген айсберг салаты нарықтан кері қайтарылды.
Циклоспороз – Cyclospora cayetanensis деп аталатын микроскопиялық паразит тудыратын ішек инфекциясы. Жұқтыру лас көкөністерді, жидектерді немесе ауыз суды тұтыну арқылы болады. Ең жиі кездесетін белгісі – сулы іш өту. Сонымен қатар іштің түйілуі, газдың көбеюі, жүрек айну мен құсу, тәбеттің төмендеуі және ағзаның улану синдромы байқалады.
Тегтер #АҚШ #инфекция #24жаңалықтар #24KZ
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz