RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Еуропадағы орман өртінен 3 млрд еуро шығын келді

04.08.2026, 10:04 34

Еуропадағы аптап ыстықтан болған орман өртінен 3,1 млрд еуро шығын келген,  деп хабарлайды «24KZ» Financial Times басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, негізінен Франция, Испания, Португалия, Грекия мен Румыния елдері зардап шеккен. Жаз басталғалы бері 500 мың гектар орман мен басқа да учаскелер отқа оранған. Ол аумақтарды қалпына келтіру құны 3,1 млрд еуродан асып кетті. Бұл сома Еуроодақтағы жалпы орман өртінен келетін жылдық орташа шығыннан да көп. Еуропалық комиссия оны 2,5 млрд еуро деп бағалаған.

Францияда орман өртінің салдарынан елдегі қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар жұмысын тоқтатты. Оның ішінде Safran, Dassault Aviation және ArianeGroup тәрізді зауыттар бар. Франция оңтүстік-батысындағы Жиронда Сауда-өнеркәсіп палатасының мәліметінше, 40 мыңнан аса нысан зардап шеккен, олардың жартысына жуығы уақытша жабылған.

Испаниядағы өрт те кәсіпорындар мен 18,5 мың гектардан аса ауыл шаруашылық жерлері мен жайылым аумақтарына зиян келтірді. Қарапайым азаматтардың тұрғын үйлері мен көліктерге де залал келген.

Грекиядағы жағдай да қиын. Өрт 12 мың гектар орманды құртты, қазір тұрғындарды жаппай эвакуациялап жатыр. Тіпті жалынды сөндіру кезінде екі тікұшақ соқтығысып, апат болды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz