Нидерландтың батысында қатты құрғақшылыққа байланысты кемелердің каналдар арқылы жүруіне және олардан су алуға тыйым салынды. Бұл шектеулерді Делфланд аймағының билігі енгізген. Ертеңнен бастап Гаага мен Роттердам арасындағы су арнасы жабылып, коммерциялық және серуенге арналған кемелердің жүруіне шектеу қойылады.
Бұдан бөлек, аймақта бұлақтар мен арықтардан да су алуға болмайды. Шаруа қожалықтары, жылыжайлар, спорт нысандары мен жекеменшік иелері аталған нұсқауға бағынуға тиіс. Үкімет қуаңшылық кесірінен тұшы су қоры күрт азайып жатыр деп есептейді. Билік қабылданған шаралар бөгеттерді зақымданудан қорғайды, қоршаған ортаны сақтайды деп сенеді.
Тегтер #Нидерланд #су мәселесі #шектеу #құрғақшылықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz