RU
Толық нұсқаға өту

Қырғызстан крематорийге тыйым салатын заңға қол қойды

04.08.2026, 12:00 37

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы құжатқа қол қойды, деп хабарлайды  «24KZ». Жаңа түзетулерге сәйкес, ел аумағындағы крематорийлерді тек медициналық қызмет барысында пайда болатын медициналық қалдықтарды санитарлық-термиялық жою үшін ғана қолдануға рұқсат етілетін болады. 

Сонымен қатар заң қайтыс болған адамдардың денесін, сондай-ақ түсік тасталған және өлі туған шақалақтарды өртеу үшін мұндай құрылыстарды пайдалануға қатаң тыйым салады.

Туыстары іздемеген және жеке басы анықталмаған мәйіттерді тек зираттарда жерге қоюға рұқсат етіледі.

Медициналық биологиялық объектілерді жоюға арналған мамандандырылған құрылыстар республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ жеке компаниялардың қаражаты есебінен салынуы мүмкін.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz