ТикТок америкалық жасөспірімдердің арызы бойынша өткен 3 сот ісін оңтайлы шешті. Рейтердің хабарлауынша, жеткіншектер әлеуметтік желі өзіне жіпсіз байлайтын алгоритмдер ойлап тауып, психикасына зиян келтірді деп шағымданған. Компания бұл мәселерді қалай шешкенін, қандай ымыраға келгенін әзірге ашып айтқан жоқ.
Жалпы Калифорния штатының соты Мета, Ютуб пен Снэпчат-қа қарсы 3 мыңнан астам арызды қарастырып жатыр. Қалған сот істері қазан айына белгіленді. Жасөспірімдер әлеуметтік желілерді шектен тыс пайдалану күйзеліске, мазасыздыққа әкелгенін және соның салдарынан дұрыстап тамақ іше алмай, өз ағзасына залал келтіргенін айтады. Ал компаниялардың өкілдері мұның бәрін жоққа шығарып, олар кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектерді қорғау үшін барлық шарттардың жасалғанын айтып ақталып әлек.
Тегтер #Таңдаулы #TikTok #сот #әлеуметтік желіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz